08 қаңтар 2021 11:09

Қазақстанның биатлон құрамасының өкілі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/kzbiathlonunion Фото:facebook.com/kzbiathlonunion

Германияның Оберхоф қаласында өтетін Әлем кубогі кезеңінің қарсаңында биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі коронавирус жұқтырды. Турнир алдындағы алғашқы тексеру кезінде төрт мемлекеттің өкілдерінен COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойыншылардың ауырып қалғаны турнирді ұйымдастырушылардың жоспарлы тексерісі кезінде анықталған. Коронавирус жұқтырғандардың есімі хабарланбады. Олар қазір карантинде.

Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстан командасының өкілі де коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

"IBU регламентіне сәйкес Оберхофта өтетін Әлем кубогі кезеңіне қатысушылар ПТР-тест тапсыра бастады. Алғашқы сессияда 700 тест жүргізілді, төрт адамның нәтижесі оң болып шықты. Чехия, Қазақстан, Норвегия және Ресей командаларынан анықталды. Команда мүшелеріне хабар берілді және оқшауланды", - делінген IBU хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети