11 қаңтар 2015 | 11:15

Қазақстанның жас мәнерлеп сырғанаушысы Польшадағы турнирде жеңіп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Элизабет Тұрсынбаева. ©kyzylorda-news.kz Элизабет Тұрсынбаева. ©kyzylorda-news.kz

Польшада мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыста қазақстандық 14 жастағы Элизабет Тұрсынбаева жеңіске жетті, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz интернет-газеті. Бұл спортшы қыздың 2015 жылы қатысқан бірінші халықаралық жарысы.


Иконка комментария блок соц сети

Польшада мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыста қазақстандық 14 жастағы Элизабет Тұрсынбаева жеңіске жетті, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz интернет-газеті. Бұл спортшы қыздың 2015 жылы қатысқан бірінші халықаралық жарысы.

Мәнерлеп сырғанаудан жарыс Польшаның Торунь қаласында 2015 жылдың 7-11 қаңтары аралығында өтті. Жарыста ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, жұппен сырғанау және мұзда билеу категориялары бар. Элизабет Тұрсынбаева - бұл жарысқа Қазақстаннан барған жалғыз спортшы. 

Элизабет өзінің жеңісін қазақстандық балаларға арнады. Ол өз отандастарын Жаңа жылмен құттықтап, осы жылда барлығына жеңісті рух тіледі.

Элизабет өзінің жасына қарамастан, қазірдің өзінде зор атаққа ие. Ол - Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Италияда, Германия мен Словакияда өткен жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, оның түрлі біріншілікте алған қола, күміс және гран-при жүлделері де аз емес.

Ол ұзақ уақыт Мәскеуде тұрып, жаттықты. Қазір ол отбасымен бірге Торонтода тұрады, бапкері - атақты Брайан Орсер.

Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаев Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети