02 қыркүйек 2016 19:26

Қазақстанның шахмат федерациясы: Бибісара Асаубаеваның анасының шешіміне өкініш білдіреміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana.gov.kz © Astana.gov.kz

Қазақстанның шахмат федерациясы жас чемпион Бибісара Асаубаеваның Ресейдің намысын қорғау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанның шахмат федерациясы жас чемпион Бибісара Асаубаеваның Ресейдің намысын қорғау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спортшыларымыздың және Бибісара Асаубаеваның қалай қаржыландырылатынын түсіндіріп өтейік. Спортшылар да, оның ішінде Асаубаева да негізгі қаржыландыруды Мәдениет және спорт министрлігінен "Ұлттық штат командасы және спорттық резервтер дирекциясы" РМҚК мен Спорт істері жөніндегі жергілікті органдар арқылы алады, оларға демеушілер де көмектеседі. 2013-2015 жылдар кезеңінде Асаубаева Астанада орналасқан "Х.С.Омаров атындағы шахмат клубы" МКҚК-дан қаржыландырылды, ал оның құрылтайшысы Астана әкімдігі. Шахмат федерациясына осы шахмат клубынан келген ресми хатқа сәйкес, үш жыл бойында жас шахматшыға жеті миллион 608 мың 436 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Ал Лиана Таңжарықованың (Бибісараның анасы) өзі 2012 жылдан бері "Ұлттық штат командасы және спорттық резервтер дирекциясы" РМҚК-да шахматтан штаттағы бапкер, яғни Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінен ай сайын қаржылай көмек (жалақы) алады. Бұған Шахмат федерациясының Министрліктен алған ресми хаты дәлел. Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) шахматшыларды қаржыландыру мәселесінде қосымша қайнар ретінде роль атқарады", - деді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко. 

"ҚШФ 2016 жылдың 12 ақпанында юниорлар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева мен оның анасы Лиана Таңжарықовадан хат алды. Хатта оның қызының символдық шәкіртақысының сомасын (30 мың теңге) 55 мың теңгеге дейін көтеруде сұрағаны жазылған. Сұрап отырған сомасы ҚШФ-дан ай сайын Қазақстанның шахматтан ересектер құрамасының алатын шәкіртақысы. Хатының соңында Таңжарықова "мұндай қарым-қатынаста" федерациядан өз қызын "мұндай қолдаудан босатып", ҚШФ құрамасынан шығаруды сұраған.

Федерация бұған қарамастан, Бибісара Асаубаеваның мүмкіндігін, дарыны мен жетістіктерін назарға ала отырып, спортшының шахмат турнирлеріне қатысуына қосымша қаржыландыру туралы шешім шығарды, бұл туралы мен Таңжарықоваға телефон арқылы хабарлап, оның бұл жаңалықты қуанышпен қабылдағанын білдім. Осыдан кейін одан ҚШФ-ға ешқандай хабар түспеді. Осылайша, мәселе шешілді деп ойладық", - дейді ҚШФ өкілдері. 

"Алайда 30 мамырда Шахмат федерациясына Лиана Таңжарықовадан өз қызын ҚШФ құрамынан шығару туралы өтініші келіп түсті, ал бұған себеп ретінде "федерацияны ауыстыру" көрсетілді. Ал кейін мұның алдында Асаубаеваны РШФ құрамына алуға келісім бергенін білдік. Таңжарықова РШФ-ға құрамаға алу туралы өтініш білдіргенін қазақстандық федерацияға хабарламады.

Халықаралық шахмат федерациясының ережесі бойынша, өтініш берген күннен бастап үш ай ішінде спортшы автоматты түрде сұранып отырған федерацияға өткен болып есептеледі. Бұл мерзім өткенше 19 тамызда ҚШФ атқару комитетінде Таңжарықоваға оның қызының басқа федерацияға өту туралы ниетін растауын алу мақсатында және растау келген жағдайда өзге федерацияға ауысуына кедергі келтірмеу сұраныс жіберу туралы шешім шығарылды. Лиана Таңжарықовадан ҚШФ-ға ешқандай жауап келмеді. Осыған байланысты Бибісара Асаубаева 26 тамыздан бастап барлық жарыста РШФ атынан шығатын спортшы саналады", - деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясындағылар.

"Қазақстан шахмат федерациясы - қоғамдық ұйым, 2015 жылдан бері федерация мемлекеттік бюджеттен емес, демеушілердің қаражатымен қаржыланады", - делінген ҚШФ хабарламасында. 

"Біз 12 жастағы спортшының анасының шешіміне өкініш білдіреміз, бірақ әрбір спортшы мен оның менеджері дамудың өзіне тиімді әрі дұрыс деп тапқан стратегиясын таңдауға құқылы. Өз кезегінде ҚШФ дарынды шахматшы қызды Қазақстан федерациясының құрамында қалдыруға бар мүмкіндігін жасады", - деп қорытты ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Еске салайық, осыған дейін 12 жастағы шахматшы қыз Бибісара Асаубаеваның биылғы тамыздан бері Қазақстан емес, Ресейдің намысын қорғайтыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети