"Қазақтың Ломаченкосы" Еуропа чемпионын нокдаунға түсіріп кіші ӘЧ финалына шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақтың Ломаченкосы" Еуропа чемпионын нокдаунға түсіріп кіші ӘЧ финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз жартылай финалда жергілікті елдің өкілі, 2015, 2017 жылдары Еуропа чемпионы атанған Даниел Асеновпен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте Сабырхан 4:1 есебімен жеңіске жетті. (30-27, 29-28, 29-28, 29-28, 28-29). Соңғы раундта төреші нокдаунға түсіп қалған Асеновке есеп ашты.

Еске салайық, Махмұд Сабырхан 2021 жылы алғаш рет әлем чемпионатына қатысып күміс жүлдегер атанған соң, көпшілік оны "қазақтың Ломаченкосы" деп атап кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети