Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев өмірден озды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сұлтанғали Қаратайұлы. © Сұлтанғали Қаратайұлы. ©

Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев 81 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев 81 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сұлтанғали Қаратаев 1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1970-80 жылдары Қазақ радиосында шолушы әрі диктор болып жұмыс істеді, сондай-ақ, телевидение саласында да біраз қызмет еткен. Белгілі спорт комментаторы Владимир Толчинскиймен бірге жұмыс істеген. 

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, "Айып алаңы", "Оң қаптал", "Сол қаптал", "Қосалқы құрам" тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді.


© kff.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro