19 мамыр 2014 13:45

Қазастандық тағы бір зілтемірші допингпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аят Әмірбеков (сол жақта). Сурет: iwf.net Аят Әмірбеков (сол жақта). Сурет: iwf.net

Қазақстан ауыр атлетика құрамасында допинг дауы асқынып барады. Tengrinews.kz тілшісіне белгілі болғандай тағы бір қазақстандық зілтемірші рұқсат етілмеген дәрумен пайдаланып, спорттан екі жылға шеттеліп отыр. 


Қазақстан ауыр атлетика құрамасында допинг дауы асқынып барады. Tengrinews.kz тілшісіне белгілі болғандай тағы бір қазақстандық зілтемірші рұқсат етілмеген дәрумен пайдаланып, спорттан екі жылға шеттеліп отыр. 

Бұл жолы допингпен ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшесі - Аят Әмірбеков ұсталған. Ол өткен жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болатын. 

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы тұру агенттігі Аяттың қанынан станозолол препаратын тауыпты. Ол енді 2015 жылдың сәуір айына дейін ешқандай жарысқа қатыса алмайды. Сонымен қатар ол допингтің кесірінен әлем чемпионатының күміс жүлдесінен де айырылды. Аят Әмірбеков енді күміс жүлдесін үшінші орын алған Үндістан спортшысына "сыйға" тартады.

Еске салайық, осы уақытқа дейін рұқсат етілмеген дәрі қолданды деген айыппен Ғалымбек Жұбатқанов, Александр Зайчиков, Ерболат Жоламанов, Алексей Долгаев, Сергей Долгаев, Евгений Евьстафеа, Денис Ұланов, Екатерина Стальяренко, Әсем Сәрсенбаева, Максим Лактинов, Фархад Харки, Айдар Қазов, Марина Файзуллаева, Александра Аборнева сынды 12 зілтеміршіміз спорттан 2 жылға шеттетілген болатын. 

Бұл көрсеткіш бойынша спортшылары біз екінші орындамыз. Тізімде 18 ауыр атлеті рұқсат етілмеген дәрі пайдаланған Әзірбайжан құрамасы бірінші орында болса, 7 спортшылары допингпен ұсталған Армения мен Өзбекстан құрамалары үшінші орында. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети