Орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-1, 25 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен болған кездесуден кейінгі жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брук (36-1, 25 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен болған кездесуден кейінгі жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Головкин - Брук кездесуі 8 қырқүйекте Лондонда өткен болатын. Қазақстандық боксшы бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Сондай-ақ, жекпе-жек аяқталғаннан кейін Головкиннен бұдан да күшті соққылар күткенін айтып, өкінген. "Көңілім қалды. Одан бұдан да мығым соққылар күткенмін. Иә, екінші раундта көзіме дәл тигізді. Ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейді, ал мен тағы шыққым келеді. Ашыла алмадым. Шынымды айтсам, бірнеше соққыдан кейін ешқайда қашып құтыла алмадым. Орта салмақта өзімді жақсы сезінемін. Бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Сауль "Канело" Альвареспен кездесуге дайынмын. Бапкер сырттан қарап тұрғандықтан, ол дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын, бірақ мен жекпе-жекті жалғастыруға дайын едім", - деп мәлімдеді Брук.
Айта кетейік, Брук осы сұхбатына кейін дереу ауруханаға жеткізіліпті. Бұл туралы The Guardian тілшісі Син Ингл Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. "Брук көзін жарақаттағаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Бұл алдын алу шарасы", - деп жазды тілші. Бруктың айтуынша, келесі аптада оған ота жасалады.
"Твиттеріңіз үшін рақмет. Мен ауруханадан шықтым, келесі аптада маған ота жасалады. Қайтып ораламын. Өкінішке қарай, бүгін түнде жеңіске жете алмадым", - деп жазды Брук өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.