Қазақстандық файтер Арман Әшімов әйелімен келісіп тоқал алуға дайын. Бұл туралы ол Рrosports.kz сайтына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық файтер Арман Әшімов әйелімен келісіп тоқал алуға дайын. Бұл туралы ол Рrosports.kz сайтына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Әшімов тоқал алудың ежелден келе жатқанын айтып, оның бүгін де қажет екенін тілге тиек етті.
"Бұл мәселе ежелден келе жатыр. Бабаларымыз да бұдан ексе емес еді. Дінімізде бар. Тек бұған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің, оған Алланың сәлемі мен тыныштығы болсын, сүннеті деп қарауымыз керек. Сосын нәпсіқұмарлықтан емес, асыраушысы жоқ әйел адамға қамқор болу, ұрпақ өрбіту сияқты оймен алған дұрыс. Қаншама қыздарымыз шетел асып, өзгенің қолтығына тығылып, қойнында жүр. Сол үшін қазақ жігіттері бірінші әйелімен жақсы мәміледе болып, одан рұқсат сұрап барып, екінші әйел алса құба-құп болар еді", - деді ол.
Спортшы өзі де тоқал алуға қарсы емес екенін жасырмайды. Тіпті, үйленер алдында әйелімен де бұл мәселені келісіп қойған екен.
"Жасырмай айтайын, мен тоқал алуды екі қолымды көтеріп қолдаймын. Келіншегім де қарсы емес. Өзі танысып, сөйлесіп көрсін. Ары қарай әрекеті бізден. Үйленерге дейін солай келіскенбіз. Мен ұрпағымның көп болғанын қалаймын. Балаларымның саны оннан асып жатса да, отбасымды белім қайыспай баға аламын деп ойлаймын. Уақыт көрсетер", - деді Әшімов.
Айта кетейік, қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 30 тамызда Орынборда М-1 Challenge 104 турнирі аясында өткізген еді. Сол кездесуінде ол Флавио Да Сильва Сантосты төрешілер шешімімен жеңген. Осы жеңістен соң Әшімов титул үшін жекпе-жек өткізуі керек.