22 шілде 2014 | 17:19

Кикбокстан Қазақстан және Қытай құрамалары кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Лаура Шоңғалова Фото: Лаура Шоңғалова

26 шілде күні Астанада кикбокстан Қазақстан және Қытай құрамалары жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

26 шілде күні Астанада кикбокстан Қазақстан және Қытай құрамалары жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екі елдің ең үздік кикбоксшылары арасындағы жолдастық кездесу елордадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында ұйымдастырылады. Жолдастық кездесу аясындағы жеті жекпе-жек WAKO тұжырымы (ережесі) бойынша өтеді.

Бұл сында біздің елдің намысын әлем кубогының жеңімпазы Ерсайын Қасамбаев, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бабыр Артықбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Шыңғысхан Тілемісов, әлем кубогының қола жүлдегерлері Қанағат Нұрғалиев пен Артур Сауырбаев, Қазақстан чемпиондары Мерген Біләлов пен Асхат Жантұрсынов қорғайды.

Осы жолдастық кездесуге арналған баспасөз жиыны 25 шілде күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы Rixos President Astana (Д.Қонаев көшесі, 7) қонақүйінде өтеді деп жоспарланған.

Жолдастық кездесудің мақсаты – екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, спорттық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды, спортпен шұғылдануды насихаттау.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық, тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған теңдесіз қадамдар жасалып жатыр. Бұл ретте Қазақстанның бұл бағыттағы саясатында Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше басымдылық беріліп келеді.

Жалпы, кикбокс – 1960 жылдары пайда болған жекпе-жек түрі. Ол америкалық кикбокс (фулл-контакт, лоу-кик, семи-контакт, лайт-контакт, кик-лайт) және жапон кикбоксы (К-1 үлгісі) болып бірнеше түрге (тұжырымға) бөлінеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети