Коби Брайант қаза тапқан әуе апатына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

АҚШ-тың Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесі (NTSB) баскеболшы Коби Брайант және тағы сегіз адам қаза тапқан әуе апатының мән-жайын айтты. NTSB өкілі Дженнифер Хоммендидің сөзін Reuters агенттігі жазды, - деп хабарлайды "Лента.ру"

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесі (NTSB) баскеболшы Коби Брайант және тағы сегіз адам қаза тапқан әуе апатының мән-жайын айтты. NTSB өкілі Дженнифер Хоммендидің сөзін Reuters агенттігі жазды, - деп хабарлайды "Лента.ру"

"Брайанттың жеке тікұшағының құлауы мен тау бөктеріне соғысқанға дейінгі аралықта бір минуттай уақыт кеткен. Соңғы сәтте әуе кемесі қалың бұлттан шықпақ болып, солға қарай бұрылған. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Кеңес мүшелері апаттың нақты себебін айтпады, алайда Хоммендидің айтуынша, тікұшақтың ұшуы кезінде қандайда бір ақау болмаған. 

Сонымен қатар, NTSB өкілі Брайанттың тікұшағында қара жішік болмаған және жердегі нысандармен соғысу туралы ескертетін жүйе орнатылмаған. Тергеу шаралары жарты жылға созылуы мүмкін. 

Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro