Әлемге әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатынан оның 13 жастағы қызы Джианна Мария да қайтыс болған, - деп хабарлайды TMZ спортшының өкілдеріне сілтеме жасап.
Әлемге әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатынан оның 13 жастағы қызы Джианна Мария да қайтыс болған, - деп хабарлайды TMZ спортшының өкілдеріне сілтеме жасап.
Әкесі мен қызы жаттығуға бара жатқан екен. Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. Тікұшақта жалпы 9 адам болған. Барлығы қаза тапқан. Джианна Марияның қазасын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти растады.
АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама баскетболшының қызының қазасын "жанға бататын жағдай" деп атады.
"Коби алаңда нағыз аңыз еді және ендігі ісі де дәл сондай маңызды болар еді. Джианнаның қазасы ата-ана ретінде біздің жанымызға қатты батты. Мишель екеуміз Ванессаға және Брайанттың отбасына осынау қиын күнде махаббатымыз бен тілегімізді жолдаймыз", - деп жазды Обама Twitter желісінде.
Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған.
НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.
АҚШ құрамасында баскетболшы 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда жеңіске жеткен, Америка-2007 чемпионатын жеңіп алған. Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен төрт қызы қалды: Джианна, Наталья, Бьянка және Капри.