YouTube желісіндегі MMA and BOXING Hot news арнасында қазақстандық файтер Қайрат Ахметов пен аустралиялық Рис Макларен арасында Токиода ONE Championship турнирі аясында өткен жекпе-жектің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
YouTube желісіндегі MMA and BOXING Hot news арнасында қазақстандық файтер Қайрат Ахметов пен аустралиялық Рис Макларен арасында Токиода ONE Championship турнирі аясында өткен жекпе-жектің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек әлемдік ONE Championship Гран-при аясында өтті, онда спортшылар жеңіл салмақта ширек финалда айқасты. Үш раундтың соңында Ахметов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, 31 жастағы Ахметов спорттық мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 27 жастағы аустралиялық болса, 12 кездесудің алтауында жеңілген.
Қайрат Ахметовтың менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, қазақстандық файтер ONE Championship турнирінде ауыр жарақатпен өнер көрсеткен.
Әбдірахмановтың айтуынша, жекпе-жекке дейін де, кездесу кезінде де біршама қиындықтарды бастан кешірген. "Алаңдаған барлық жанкүйерді құттықтаймын, жеңіс құтты болсын! Қайраттың қандай қиындықтарды бастан өткергенін аздаған адамдар біледі. Жекпе-жек кезінде де бұл қиындықтар тоқтамады. Бірінші раундта Қайрат қолын сындырып алды, алайда қиындықтарға қарамастан ол жартылай финалына шықты! Бауырым сені мақтан тұтамын", - деп жазды Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында.
Финалға шығу үшін қазақстандық файтер жапониялық Сензо Икедо және филиппиндік Дэнни Кингэд жұбы жеңімпазымен жұдырықтасады.
Айта кетейік, аралас жекпе-жекте 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Ахметов 2017 жылы ONE Championship чемпионы атанған еді, алайда сол жылы бразилиялықпен реванш өткізіп, титулынан айырылды. ONE Championship - сингапурлық промоушен. 2011 жылдан бері Азия аумағында өткізіліп келеді.