Командасыз жүрген қазақстандық футболшылардың ТОП-11 тізімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отандық Vesti.kz сайты әртүрлі командаларда бапкерлер сынағынан өтіп жүрген, бірақ өз орындарын әлі таппаған еліміздің 11 үздік футболшысының тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Топ-11 тізімін Сергей Хижиниченко бастап тұр. Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы бұл күндері Польшаның "Корона" клубында бапкерлер сынағынан өтіп жүр. Дегенмен, "Корона" құрамына іліге алмағанның өзінде Хижниченко "Шахтерге" қайта орала алады. Сондай-ақ, қорғаушы Алдан Балтаевтың да алдағы тағдыры әлі белгісіз. "Ақтөбе" сапында негізгі құрамға іліге алмаған Балтаевтың Қызылорданың "Қайсарына" оралатын мүмкіндігі бар. "Оле Бразил" академиясында тәлім алған Рауан Сариев те дәл қазір командасыз жүр. Өткен маусымда Алматының "Қайрат" футбол клубымен үш жылдық келісімшартқа отырғанымен бапкерлер алқасы мен жанкүйерлердің үміттерін ақтай алмағандықтан қысқы маусымаралық үзілісте клуб басшылығы Рауанмен келісімшартты үзуді дұрыс көрді. Содан бері Сариев Талдықорғанның "Жетісу" командасында сынақтан өтуде. Аталмыш үшеуінен бөлек, "жұмыссыз жүрген футболшылардың Топ-11 тізімінде Дәуренбек Тәжімбетов, Қазбек Гетериев, Сергей Гридин, Руслан Сахалбаев, Тимур Байжанов, Андрей Цветков, Денис Родионов және Бейбіт Тәтішев сынды футболшылар бар. Дегенмен, футболдан Қазақстан біріншілігінің 15 наурызда басталатынын ескерсек, оған дейін әлі де уақыттың бар екені түсінікті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети