UFC президенті Дэйна Уайт жеңіл салмақта ұйымның бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовпен Ресейде жұдырықтасуға дайын болғанын айтады, - деп жазады ВВС.
UFC президенті Дэйна Уайт жеңіл салмақта ұйымның бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовпен Ресейде жұдырықтасуға дайын болғанын айтады, - деп жазады ВВС.
"Жекпе-жекті өткізуге уақыт қана керек болды. Бірде Конор Хабибпен Ресейде жұдырықтасатынын айтқан. Ол сондай - ештеңеден қорықпайды. Кіммен болса да, қай жерде болса да жұдырықтасуға дайын. Көп сөйлейді, бірақ, сөзіне жауап береді", - дейді Уайт.
Еске салайық, Конор МакГрегор мен жеңіл салмақта UFC ұйымының қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек 6 қазанға белгіленген.