Конор МакГрегор АҚШ-та қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конор МакГрегор АҚШ-та қамауға алынды © instagram/thenotoriousmma

Екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған ирландиялық файтер Конор МакГрегор АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында тұтқындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Miami Herald басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған ирландиялық файтер Конор МакГрегор АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында тұтқындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Miami Herald басылымына сілтеме жасап. 

Полицейлердің айтуынша, МакГрегор Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында жанкүйердің смартфонын тартып алып, жерге ұрып, таптап сындырған. Ал сынықтарын өзімен алып кеткен. МакГрегорге бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айыппұл тағылды. 

МакГрегор 11 наурызда таңғы бесте түнгі клубтан шыққан. Осы кезде есімі жарияланбаған жанкүйер онымен бірге суретке түспекші болған. Оқиға осы сәтте болса керек. 

Полиция мәліметінше, зардап шегуші гаджетін мың доллларға бағалаған. МакГрегор қылмыс орнында тұтқындалмады. Тергеушілер оны үйінен тапқан. Қазіргі таңда спортшы Майами-Дейд аймақтық түрмесінде қамауда отыр. Ирландиялықтың адвокаты болған оқиғаны кішкентай ғана ұрыс-керіс деп атады.

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети