Конор МакГрегор Эдди Альваресті екінші раундта нокаутқа түсірді

Конор МакГрегор Эдди Альваресті екінші раундта нокаутқа түсірді Конор МакГрегор © MMA Mad

Нью-Йоркте ?ткен UFC 205 турнирінде жартылай же?іл салма?та ?нер к?рсететін Конор МакГрегор америкалы? Эдди Альваресті же?ді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нью-Йоркте өткен UFC 205 турнирінде жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Конор МакГрегор америкалық Эдди Альваресті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жектің бірінші раундында ирландиялық спортшы басымдығын бірден байқатты. Ол қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген еді. Бірақ америкалық бұл соққыларға төтеп бере алды. Ал екінші раундта МакГрегор қарсыласына бірден 3-4 соққысын дарытып, құлатты. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр борлды. Осылайша ол 21-ші жекпе-жегіне жетіп отыр. Ал америкалық Эдди Альварес 5-ші жеңілісіне ұшырады.

Реклама
Реклама

Ирландиялық боксшы осы жеңісімен UFC тарихында екі салмақ дәрежесінде чемпион болған бірінші спортшы болып отыр. 

Еске салайық, 28 жастағы МакГрегор наурызда жеңіл салмақ дәрежесінде бразилиялық Рафаэль Дос Аньоспен жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда бразилиялық жарақат алып, кездесу өтпей қалған. Оның орнына Нейт Диас шығып, чемпионды қылғындыру әдісімен жеңген. Ал 21 тамызда өткен реванш жекпе-жегінде ирландиялық Диасты ұпай санымен жеңген еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама