Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

UFC-дегі қантөгіс: Конор МакГрегор Нейт Диасты жеңді

21 Тамыз 2016, 10:40
0

Ережесіз жекпе-жек жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегор америкалық Нейт Диасты ұпай айырмасымен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін UFC 202 турнирінің жекпе-жектері болып өтті.

Бес раунд бойында МакГрегор жұдырықтасу мәнерін таңдады, ал Диас қайта-қайта партерге өтуді ойлады. Бірінші және екінші раундта ирландиялық басым болған. Тіпті күшті соққыларымен америкалықты құлатып та үлгерді. Алайда үшінші раундта Диас қарсыласын әбден шаршатты. Төртінші раунд тең аяқталса, бесінші раундта екі спортшы да шаршап, бірді-екілі соққыларымен көзге түсті. Ал ондаған секунд қалғанда Диас қарсыласын жерге құлатып алып, ұра бастаған. Алайда қазылар бұл жекпе-жекті Конор МакГрегордың пайдасына шешті.

Осылайша 28 жастағы МакГрегор 20-сыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 17-сі нокаутпен аяқталған. Сонымен қатар, үш жеңілісі бар. Ал 30 жастағы Диас 19 мәрте жеңіске жетіп (бесеуі нокаутпен), 11-ші рет жеңіліс тауып отыр. 

Еске салайық, биылғы 6 наурызда Диас МакГрегорды қылғындыру әдісімен жеңген болатын. Ирландиялық сол кезде жартылай орта салмақта бірінші рет жекпе-жекке шығып, бұл жекпе-жекте бәске титул тігілмеген еді. Сондықтан Конор жартылай жеңіл салмақтағы UFC белбеуін сақтап қалған. 

Айта кетейік, екі спортшы да миллион доллардан гонорар алады. Оның үстіне ақылы трансляциялардың сатылымынан пайыздар да қарастырылған. МакГрекгор жалпы бес миллион долларға дейін қаражат алса, Диас миллион доллар ғана алады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай