30 шілде 2014 18:09

Коттоға Головкинмен жекпе-жек өткізу маңызды емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мигель Котто және Боб Арум. ©thesweetscience.com Мигель Котто және Боб Арум. ©thesweetscience.com

Орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы пэурторикалық Мигель Коттоның промоутері Боб Арум WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жек ұйымдастыру маңызды емес дейді. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. 


Орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы пэурторикалық Мигель Коттоның промоутері Боб Арум WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен чемпиондық атақты біріктіретін жекпе-жек ұйымдастыру маңызды емес дейді. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды. 

Бұған дейін пуэрторикалық боксшының кеңесшісі Габриэль Пеньягарикано қазақстандық былғары қолғап шебері бокс әлеміндегі басты тұлғалардың бірі дәрежесіне жетіп, PPV‑шоуына қатыспаған соң, Головкинмен жекпе-жек өткізудің маңызы жоқ екенін мәлімдеген. 

"Бірінші кезекте алдағы уақытта кіммен жұдырықтасатынын Мигель Коттоның өзі шешеді. Дегенмен менің ойымша, Головкинмен жекпе-жек өткізгенше, Сауль Альвареспен кездесу ұйымдастырған тартымды болады. Бірақ мен Головкиннің өзін де оның промоутері Том Лефферді де сыйлаймын. Бүгінгі таңда Головкинді әлсіз боксшы деп ешкім айта алмайды. Десе де бұл жекпе-жекке нақты қанша жанкүйер жинай алатынымызды білмейміз", - дейді Арум. 

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 27 шілде күні австралиялық экс-әлем чемпионы Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раунда сұлатып түсірді. Головкиннің Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен төбелесін 8572 көрермен тамашалады. HBО арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетті. Мигель Коттодан басқа Головкин алдағы уақытта мексикалық  кіші Хулио Сезар Чавес, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) сынды былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығуы мүмкін. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети