"Қой сатып алдым". Хабиб Нурмагомедов енді немен айналысқысы келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қой сатып алдым". Хабиб Нурмагомедов енді немен айналысқысы келетінін айтты Фото: ©REUTERS

Белгілі файтер, жеңіл салмақта UFC абсолют чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы жылдары жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі файтер, жеңіл салмақта UFC абсолют чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы жылдары жоғары білім алып, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Нурмагомедов 24 қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. Ресейлік файтер ММА-де 29 рет жеңіске жетіп, бірде-бір жеңіліс таппады.

"Мен Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде оқып жатырмын, келесі жылы бітіремін. Магистратураны бітіріп, білімге уақыт бөлгім келеді. Ауыл шаруашылығында жұмыс істегім келеді, қой, өгіз-бұзаулар алдым. Осы бағытта жұмыс істегім келеді. Әлемдік деңгейде емес, әрине. Бірақ бәрі мүмкін. Спортпен де кезінде тек жаттыға бастадым ғой", - деді спортшы бейсенбіде Дербент жастарымен кездесуінде.

"Мен пайдамды тигізе алатын нәрсеге қатысқым келеді, бұл үлкен саясат болуы міндетті емес. Қазіргі уақытта мен үлкен саясаткер болмай-ақ пайдамды тигізе аламын, бұл маған жеткілікті", - деді Хабиб.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети