Біріншіліктің өту барысы
Көкшетауда Қажымұқан атындағы спорт кешенінде 13-16 наурыз күндері өткен қоян-қолтық ұрыстан республикалық біріншілік аяқталды. Сайдың тасындай іріктелген аймақтың серке жігіттерінің басы қосылған бәсекеде еліміздің әр өңірінен екі жүзден астам спортшы бақтарын сынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шаршы алаңның шаңын шығарған мықтылар бірінен-бірі өтеді. Көз ілеспес жылдамдықпен шартпа-шұрт төбелескен жігіттердің арасынан суырылып шығу да оңайға соқпасы сөзсіз. "Менің салмағымда жарысқа 28 спортшы қатысқан. Ұзақ әрі тыңғылықты дайындығымның арқасында бірінші орынды иелендім", - дейді ішкі істер министрлігі атынан сынға түскен Ұлан Мұқашев. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған ел біріншілігі ұлттық құрама мүшелерін анықтау үшін жүргізілуде. "Жалпы жарыс өте тартысты өтуде. Бұл бәсекеде бақтары жанып жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыз Еуропа және әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғайтын болады", - дейді қоян-қолтық ұрыстан мемлекеттік жаттықтырушы Иманзайып Сатыбалдинов. Жарыс қорытындысы бойынша 30 спортшысын үкілеп қосқан ақмолалық спортшылардың 10-ы жүлделі орындардан көрініп бірінші орынға қол жеткізсе, күміс жүлде республикалық ішкі істер министрлігі құрамасының еншісіне тиді. Қола жүлдені республикалық гвардияның командасы қанағат тұтты.
Көкшетауда Қажымұқан атындағы спорт кешенінде 13-16 наурыз күндері өткен қоян-қолтық ұрыстан республикалық біріншілік аяқталды. Сайдың тасындай іріктелген аймақтың серке жігіттерінің басы қосылған бәсекеде еліміздің әр өңірінен екі жүзден астам спортшы бақтарын сынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шаршы алаңның шаңын шығарған мықтылар бірінен-бірі өтеді. Көз ілеспес жылдамдықпен шартпа-шұрт төбелескен жігіттердің арасынан суырылып шығу да оңайға соқпасы сөзсіз.
"Менің салмағымда жарысқа 28 спортшы қатысқан. Ұзақ әрі тыңғылықты дайындығымның арқасында бірінші орынды иелендім", - дейді ішкі істер министрлігі атынан сынға түскен Ұлан Мұқашев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған ел біріншілігі ұлттық құрама мүшелерін анықтау үшін жүргізілуде.
"Жалпы жарыс өте тартысты өтуде. Бұл бәсекеде бақтары жанып жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыз Еуропа және әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғайтын болады", - дейді қоян-қолтық ұрыстан мемлекеттік жаттықтырушы Иманзайып Сатыбалдинов.
Жарыс қорытындысы бойынша 30 спортшысын үкілеп қосқан ақмолалық спортшылардың 10-ы жүлделі орындардан көрініп бірінші орынға қол жеткізсе, күміс жүлде республикалық ішкі істер министрлігі құрамасының еншісіне тиді. Қола жүлдені республикалық гвардияның командасы қанағат тұтты.