Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында өткен чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп жазады Vesti.kz порталы.
Ережесіз жекпе-жектен Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов ресейлік Fight Nights промоушені аясында өткен чемпиондық жекпе-жегінде жеңіліп қалды, - деп жазады Vesti.kz порталы.
Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді.
Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті.
Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында ресейлік Гаджи Рабадановтан үстем болған еді.