Аралас жекпе-жектен "Найман" лақап атымен танымал қазақ спортшысы Қуат Хамитов Қытайда жекпе-жек өткізеді. Отандасымыз WBK тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайтын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

"Менің келесі жекпе-жегім 6 наурыз күні өтеді. WBK (World Ultimate fighting) чемпиондық белбеуі үшін бақ сынаймын. Қытай. Шанхай", - деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін спортшы алдағы уақытта екі бірдей чемпиондық белбеу жолында бақ сынайтынын хабарлаған болатын. Оның бірі - WBK чемпиондық атағын қорғау болса, екіншісі - Fight Nights Global чемпиондық атағы еді.