Күрестен спорттық мектеп-интернаттар сайысқа түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күрестен спорттық мектеп-интернаттар сайысқа түсті Фото wrestling.kz сайтынан алынды

Оралда грек-рим күресінен спорттық мектеп-интернаттардың оқушылары арасында командалық Қазақстан чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР күрес түрлері федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда грек-рим күресінен спорттық мектеп-интернаттардың оқушылары арасында командалық Қазақстан чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР күрес түрлері федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Командалық ел чемпионатында жас балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Ал ұпай санау жүйесі жас балуандардың әр салмақтағы орындарына байланысты есептелді. Осылай, ел біріншілігі қорытындысы бойынша бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы (Облыстық спорт интернаты) жеңіп алды. СҚО жеткіншектерінің еншісінде – 3 алтын, 2 күміс, 4 қола.

Екінші орынға Астана өрендері (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат) орналасты. Олар 6 медаль (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) иеленді.

Үздік үштікті Қарағанды облысының қырандары (Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мектеп-интернат) түйіндеді. Оларға бұйырғаны да – 6 жүлде (2 күміс және 4 қола).

Жалпы, жас балуандар арасындағы командалық ел чемпионатына 14 команда (12 облыс және Астана, Алматы қалаларының жеткіншектері) қатысты. Өкінішке қарай, әзірше белгісіз себептермен Оралға күрес түрлерінен тарихы да, шежіресі де бай Алматы және Шығыс Қазақстан облысының жас таланттары келе алмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети