15 наурыз 2014 | 10:48

Кузин маусым аяғында құлап қалды...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет wieringaphotography.com сайтынан Сурет wieringaphotography.com сайтынан

Конькимен жүгіру спортынан Херенвенде (Голландияда) өтіп жатқан әлем кубогының ақтық сынында жерлесіміз Денис Кузин өзінің сүйікті қашықтығында құлап қалып, соңғы орынды қанағат тұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ерлер арасындағы 1000 метрлік қашықтықтың жеребесі Кузин үшін жеңіл түскендей еді. Ол жетінші жұпта Канада жүйрігі Денни Моррисонмен бірге жүгірді. Деңгейі жоғары конькишімен бір жұпта жүгіру – өте маңызды. Содан қалмауға, тіпті одан озып кетуге тырысып, өте жоғары нәтиже көрсетуге болады. Кеше Херенвенде Денис – Денни жұбы өте жоғары қарқында жүгірді. Кузин Моррисоннан қалмай, 600 метрлік белгіге дейін үзеңгі қағыстырып келе жатқан. Өкінішке қарай соңғы метрлерде құлап қалып, 17-орынмен шектелді. Уақыты – 1.56,24 минут. Ал Мориссон жұлдыздай аққан бетінде 1.08, 91 минут уақытпен бірінші орынға ие болды. Екінші орын Американың қара маржаны Шани Дэвиске бұйырды (1.09,13). Кьелд Нюис (Голландия) үшінші орынды иеленді. Алайда әлем кубогының дәл осы қашықтықтағы жалпы есебінде 590 ұпаймен Шани Дэвис жеңімпаз атанды. Денни Моррисон (Канада) 344 ұпаймен екінші орынды, ал Кьелд Нюис (Голландия) 305 ұпаймен үшінші орынды еншіледі. Ал біздің Денис Кузин 207 ұпаймен 7-орынды көңілге медеу тұтты. Өкінішті-ақ, биыл Кузиннің бағы жанбай қойды. Сочи Олимпиадасында жүлдеге іліге алмады. Әлем кубогының ақтық сынында да үздік үштіктен әлдеқайда тыс қалды. Осы қашықтықтағы қорытынды тізімге үңілсек, мұнда тағы бірнеше Қазақстан конькишілері бар. Атап айтқанда, әлем кубогы аясындағы 1000 метрлік қашықтықты биыл Федор Мезенцев 33-орынмен (20 ұпай), Александр Жигин 44-орынмен (6 ұпай), Роман Креч 19-орынмен (2 ұпай) және Дарсиль Эссамамбо 54-орынмен (0 ұпай) аяқтады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети