12 ақпан 2014 | 15:31

Кузиннің бәсекелестері тым қарымды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет newskaz.ru сайтынан Сурет newskaz.ru сайтынан

Бір жүлде әпереді-ау деп, жолына үмітпен қарап отырған конькишіміз, яғни Денис Кузин бүгін кешке (басталуы – сағат 20:00-де) жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Денис 1000 метрлік қашықтықта бәйгеге түседі. Бұл қашықтық – Кузинннің ең сүйікті бәйгесі. Осыдан бір жыл бұрын Сочиде өткен әлем чемпионатында біздің осы Денисіміз 1000 метрлік бәйгеде әлем чемпионы атанған. Сонда бүкіл әлем, конькимен жүгіру спортының барлық мамандары аңтарыла таң қалған. Себебі 2012 жылы Херенвенде өткен әлем чемпионатында Кузин дәл осы қашықтықта небәрі 21-орынды қанағат тұтқан болатын. Қазір шетелдік мамандардың көбісі "бүгін Кузин топ жарады" дегенге сеніңкіремейді. Себебі биылғы әлем кубогының кезеңдік жарыстарындағы 1000 метрлік бәйгелерде Кузин 4-орыннан жоғары көтерілген жоқ. Қоңыр күзде Астанада өткен үшінші кезеңінде 6-орынмен ғана шектелді. Десек те, қазір Кузин әлем кубогының төрт кезеңінен кейінгі жалпы есебінде 191 ұпаймен 3-орында тұр. Оның алдында – Американың қара маржаны Шани Дэвис (370 ұпай) және голланд дүлдүлі Микел Мюлдер (272). Мамандар тура осы екеуін бүгінгі бәйгенің басты фавориттері санайды. Бүгінде Микел Мюлдердің көңіл-күйі жақсы. Ол осыдан бірер күн бұрын ғана Сочи Олимпиадасының чемпионы атанып, 500 метрлік қашықтықта топ жарды. Енді 1000 метрде де чемпион болуды көксейтіндігі, айтпаса да түсінікті. Осы ретте айта кетейік, көптен бері Олимпиада ойындарында 500 метрде де, 1000 метрде де бір спортшы чемпион болған жоқ. Сонау 1980 жылы осы екі қысқа қашықтықта Американың жарық жұлдызы Эрик Хайден жеңімпаз атанған (сол жолы ол барлық қашықтықта үздік шыққан болатын). Сондықтан Микел Мюлдердің осындай ерен жетістікке қол жеткізгісі келетіндігі хақ. Ал 31-ден асқан Шани Дэвис айылын әлі тартар емес. Ол дәл осы қашықтықта Турин-2006 және Ванкувер-2010 Олимпиадаларында чемион атанған. Үшінші рет тағы да топ жарғысы келетіні, айдан анық. Оның үстіне, ерлер арасындағы конькимен жүгіру спорты тарихында әлі ешкім де бір ғана қашықтық бойынша үш Олимпиаданың чемпионы болмапты. Сондықтан Денис Кузинге оңай болмайды. Алайда бір ескерерлігі, Денис бұл екеуінен кейін соңғы жұпта жүгіреді. Жарыс жолына олардың уақыттарын біліп шығады. Яғни бәрін де есептеп, бағамдап отыруға болады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети