21 сәуір 2014 22:11

Қырғыз қызына алтынымызды бермедік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет confederation.kz сайтынан Сурет confederation.kz сайтынан

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстанның ашық чемпионатында бір алтынды қырғыз қызы жеңіп алып еді. Бірақ оған алтын медаль мен 250 мың теңге сыйақы берілмейтін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ел чемпионатының бірінші күні әйелдер арасындағы 48 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Қырғызстаннан келген Жаңыл Оқоева жеңіп алған болатын. Бірақ ертеңінде оған алтын медаль мен 250 мың теңге сыйақы берілмейтіндігі мәлім болған.

Себеп – қырғыз қызы допинг-сынақ тапсырудан бас тартқан. Сол себепті ол Қазақстан чемпионына тиеслі алтын жүлде мен 250 мың теңгенің сертификатынан да бас тартуға мәжбүр болған...

Осыған орай, жүлделі орындар екінші, үшінші және төртінші орын алған ауыратлет аруларға беріліп, олар бір сатыдан жоғарылатылған.

Қазақстанның ашық чемпионаты. Әйелдер. 48 келі
1. Галина Момотова – 145 келі (65+80)
2. Марина Кокошко – 129 келі (56+73)
3. Гүлдария Сәткен – 75 келі (35+40)

Ал Қырғызстан спортшысы Жаңыл Оқоева қоссайыс қорытындысы бойынша 156 (66+90) келіні еңсерген болатын.

Осы ретте айта кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздарға 250 мың, күміс жүлдегерлерге 180 мың, ал қола жүлдегерлерге 100 мың теңге сыйақы тапсырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети