Қысқы Олимпиададағы Егемен Қазақстан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Смирнов. Фото: olympic.org Владимир Смирнов. Фото: olympic.org

Тәуелсіз Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарының алтауына қатысып, алты (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) медаль еншілеген дейді, Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. Қазақстан Альбервильдегі (Франция) ХVІ Олимпиада ойындарына ТМД-ның "Біріккен командасы" сапында қатысты. Себебі КСРО ыдырап, әр мемлекет өз тәуесліздігін жариялағандарымен, Кеңес Үкіметі құрамындағы 15 мемлекетің спорттық ведомстволары өз мәртебелерін (статустарын) анықтап үлгермеген-ді. Өкінішке қарай, Альбервильде сол кездегі әлемнің ең үздік шаңғышыларының бірі Владимир Смирновтың бағы жанбады. Есесіне, 1994 жылы ол Лиллехаммерде тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатып, жас мемлекетіміздің әнұранын Норвегия көгінде құйқылжытты. 50 шақырымдық аламан бәйгеде бірінші орынға ие болып, тәуелсіз Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы ең бірінші чемпионы атанды. Сондай-ақ осы Олимпиадада 10 шақырымдық қашықтықта екінші орынға ие болып, 15 шақырымдық жарыста да күміспен күптелді. 1998 жылы Наганода (Жапония) өткен ХVІІІ Олимпиада ойындарында "ардагер" шаңғышымыз 15 шақырымдық бәйгеде ғана үшінші орынға қол жеткізе алды. Десек те, атақ-даңқы дүние жүзіне мәлім шаңғышымыз 34-ке келсе де, жалын атқан жастармен тайталасып, ел үмітін ақтады. Жалпы, Владимир Смирнов Олимпиада ойындарынан 7 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 4 күміс, 2 қола. Оның төртеуі егеменді Қазақстан елінің еншісіне жазылған: 1 алтын, 2 күміс, 1 қола. Бұл тұрғыда, әзірше бізде жиырмасыншы ғасырдың даңқты шаңғышысынан асып түскен ешкім жоқ. 1998 жылы Нагано Олимпиадасында Людмила Прокашева да қола жүлдеге ие болды. Конькимен жүгіру спортындағы дүлдүліміз Жапония мұз айдынында 5000 қашықтықта үшінші орынды иеленді. Солт-Лейк-Сити-2002 және Турин-2006 Олимпиадаларында жүлдеге жете алмай, ауызды қу шөппен сүрткенбіз. Ал 2010 жылы Ванкуверде биатлоншы Елена Хрусталева 12 жыл зарықтырған жүлдеге қол жеткізіп, күміс медаль олжалады. Бұл мақаланы толығырақ, кестелерімен мына жерден оқи аласыздар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro