04 сәуір 2014 | 18:15

Қысқы Универсиаданың трансляциясы 100-ден аса елге таратылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: live-football.ru Сурет: live-football.ru

 2017 жылы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың трансляциясы 100-ден аса елдерге таратылатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне FISU-дің Медиа және коммуникациялар департаментінің директоры Деян Сусович айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

 2017 жылы Алматыда өтетін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың трансляциясы 100-ден аса елдерге таратылатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне FISU-дің Медиа және коммуникациялар департаментінің директоры Деян Сусович айтып берді. 

"Біз сіздердің технологияларыңызбен толық таныстық. Азиядадан қалған біршама құрылғылар бар екен. Бірақ, Универсиаданың ауқымы кең. Сондықтан да ол техникалар жетпей қалуы мүмкін. Қысқы ойындарды түсіру барысында біз өзіміздің технологиямызды да алып келеміз. Трентинода өткен Универсиада 80-ге жуық елге тарап, оны 200 миллионға жуық көрермен көрді. Ал, Алматыдағы ойындарды біз 100-ден аса елге таратамыз. Көрермендер саны жарты миллиард болуы керек", - дейді Деян Сусович. 

Сондай-ақ маман трансляцияларды тарату үшін бүгінде көптеген арналармен келісім-шарт жасасып қойғандығын айтты. "Біз қысқы Универсиаданы Азия аймағында тарату үшін кореялық  "SBR" арнасымен, АҚШ-тық "SBS", еуропалық "Eurosport", ресейлік, "RTR"   және қазақстандық "Қазақстан" ұлттық арнасымен келісімге келдік. Қысқы ойындарды бұдан өзге де арналар көрсетуі мүмкін. Бірақ, біз олармен әлі келіссөз жүргізбедік", - дейді ол. 

Айта кетейік, Алматы 2017 жылғы Универсиаданы өткізу құқығын 2011 жылы Халықаралық студенттік спорт федерациясының шешімі бойынша жеңіп алған болатын. Бүгінде студенттер арасындағы Универсиаданы қабылдау үшін қалада 3 000 және 12 000 мың  адамды қабылдай алатын жаңа ғимарат пен қонақ үй салынуда.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети