Қытайда ережесіз жекпе-жектен финалға шыққан екі қазақ спортшысы жұдырықтаспай қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі белгілі спортшы Ардақ Назаровқа сілтеме жасап.
Қытайда ережесіз жекпе-жектен финалға шыққан екі қазақ спортшысы жұдырықтаспай қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі белгілі спортшы Ардақ Назаровқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл Қытайда WBK тұжырымы бойынша өткен халықаралық жарыстың финалында болған жағдай екен. Екі спортшы қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Турханбек болып шықты.
"Білсін Қазақтың тектілігін. Білсін Қазақтың бауырмалдығын. Білсін Қазақтың жүрегінің тазалығын. Білсін Қазақтың бауырмалдығын! Айбек пен Хамит кешегі Қытайда WBK тұжырымы бойынша өткен халықаралық жарыста өз қарсыластарын жер жастандырып финалда кезікті. Алайда бауырлар бір-біріне қол жұмсамады. Нәтижесінде төреші екінші раундта екеуіне қызыл қағаз көрсетіп жарыстан шығарып тастады. Айбек Қазақстанның қазағы Хамит Қытайдағы қандасымыз. Ақша үшін, алтын белбеу үшін бір-бірін сабауға да болар еді ғой. Алайда екі өреніміз Əлем алдында өздерінің тектілігін көрсетті. Біздің жеткізе алмай жүргеніміз осы еді ғой. Біз осындай болуымыз керек. Əй айналайын батырларым-ай Алла разы болсын", - деп жазды Назаров әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Видеода қос спортшыға бапкерлерінің "аяма" деп, соққы жасай беруге кеңес бергені естіледі.