07 наурыз 2016 | 14:25

Қытайда ережесіз жекпе-жектен финалға шыққан екі қазақ спортшысы жұдырықтаспай қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook.com/alem.faighters © facebook.com/alem.faighters

Қытайда ережесіз жекпе-жектен финалға шыққан екі қазақ спортшысы жұдырықтаспай қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі белгілі спортшы Ардақ Назаровқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда ережесіз жекпе-жектен финалға шыққан екі қазақ спортшысы жұдырықтаспай қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі белгілі спортшы Ардақ Назаровқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл Қытайда WBK тұжырымы бойынша өткен халықаралық жарыстың финалында болған жағдай екен. Екі спортшы қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Турханбек болып шықты.

"Білсін Қазақтың тектілігін. Білсін Қазақтың бауырмалдығын. Білсін Қазақтың жүрегінің тазалығын. Білсін Қазақтың бауырмалдығын! Айбек пен Хамит кешегі Қытайда WBK тұжырымы бойынша өткен халықаралық жарыста өз қарсыластарын жер жастандырып финалда кезікті. Алайда бауырлар бір-біріне қол жұмсамады. Нәтижесінде төреші екінші раундта екеуіне қызыл қағаз көрсетіп жарыстан шығарып тастады. Айбек Қазақстанның қазағы Хамит Қытайдағы қандасымыз. Ақша үшін, алтын белбеу үшін бір-бірін сабауға да болар еді ғой. Алайда екі өреніміз Əлем алдында өздерінің тектілігін көрсетті. Біздің жеткізе алмай жүргеніміз осы еді ғой. Біз осындай болуымыз керек. Əй айналайын батырларым-ай Алла разы болсын", - деп жазды Назаров әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Видеода қос спортшыға бапкерлерінің "аяма" деп, соққы жасай беруге кеңес бергені естіледі.


 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer