Қызылорда еліміздің ауыр атлетика орталығына айналмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда еліміздің ауыр атлетика орталығына айналмақ ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда қаласында ауыр атлетика орталығы кешені салынатын болды. Бұл жаңалық облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінде мәлім болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Соңғы уақытта Сыр өңірінде ауыр атлетика жақсы дамып келеді. Әлемге Илья Ильин секілді толағай тұлғалы талантты тарту еткен топырақта жылма-жыл жоғары жетістіктерге жетіп жүрген көптеген жастар шығып жатқаны белгілі. Өткен жылы қазақ баласы арасында ауыр атлетикадан тұңғыш мәрте әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Алмас Өтешов, оның ізінен ерген Әділбек Балқаев, Рүстем Сыбай сынды ұландар да осы өңірдің тумалары саналады. Енді олардың қатарын тағы да көптеген жастар толықтырмақ. Кешен құрылысы аяқталса, Қызылордада талантты зілтеміршілердің қатары артатыны анық. Спорттық нысан облыс орталығының төріндегі Е.Демесінов пен Ш.Есенов көшелерінің қиылысында орналасады. Жалпы, мұнда 3 жаттығу және сайыс өткізуге арналған бір зал болады. Емдеу-сауықтыру орталығы да бар. Жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлінді. Алдын ала есеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 952,4 млн. теңге қажет етіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети