"Қайсар" футбол клубының жаңа құрамы
Жылдық үзілістен кейін Премьер-лиға қайта оралған Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы алдына үлкен мақсат қойылып отыр. Облыс басшылығы командаға Қазақстан кубогын алу мен үздік алтылықта болу міндетін қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оған барлық мүмкіндік жасалып отыр. Команда Түркияда 4 оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтты. Құрамына жаңадан ойыншылар тартылды. "Қайсардың" базасы да заманға сай жөнделді. Бұрнағы жылдарда Арал, Қазалы аудандарында арнайы стадиондар бой көтерді. Облыстың барлық ауданында жасанды төсенішті стадиондар елге қызмет көрсетеді. Ендігі кезекте атқарылатын жұмыстар көлемі де ауқымды. Аймақта футбол спортын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы жасалды. Аталмыш бағдарлама аясында 3 мың көрерменге арналған спорттық-көрме манежін, 10-15 мың адамға арналған жаңадан футбол стадионын салу жоспарланған. Негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдер футболын, инфрақұрылым мен бұқаралық футбол дамыту болып табылады. Әсіресе, балалар футболының өрісін кеңейтуге баса назар аударылуда. Бүгінгі таңда аймақтағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жанынан спорттың осы түрінен арнайы бөлімдер жұмыс жасайды. Соның арқасында қазір біздің өңірде 30 мыңнан астам өрен аладоптың қыр-сырын үйренуге талпынып келеді. Облыста өткізілетін турнирлердің басым көпшілігі жасөспірімдер футболына арналған.
Жылдық үзілістен кейін Премьер-лиға қайта оралған Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы алдына үлкен мақсат қойылып отыр. Облыс басшылығы командаға Қазақстан кубогын алу мен үздік алтылықта болу міндетін қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оған барлық мүмкіндік жасалып отыр. Команда Түркияда 4 оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтты. Құрамына жаңадан ойыншылар тартылды. "Қайсардың" базасы да заманға сай жөнделді. Бұрнағы жылдарда Арал, Қазалы аудандарында арнайы стадиондар бой көтерді. Облыстың барлық ауданында жасанды төсенішті стадиондар елге қызмет көрсетеді. Ендігі кезекте атқарылатын жұмыстар көлемі де ауқымды. Аймақта футбол спортын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы жасалды. Аталмыш бағдарлама аясында 3 мың көрерменге арналған спорттық-көрме манежін, 10-15 мың адамға арналған жаңадан футбол стадионын салу жоспарланған.
Негізгі мақсат – балалар мен жасөспірімдер футболын, инфрақұрылым мен бұқаралық футбол дамыту болып табылады. Әсіресе, балалар футболының өрісін кеңейтуге баса назар аударылуда. Бүгінгі таңда аймақтағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жанынан спорттың осы түрінен арнайы бөлімдер жұмыс жасайды. Соның арқасында қазір біздің өңірде 30 мыңнан астам өрен аладоптың қыр-сырын үйренуге талпынып келеді. Облыста өткізілетін турнирлердің басым көпшілігі жасөспірімдер футболына арналған.