Кеше 15:53

ІІМ Бейбіт Шүменовті іздестіру неге тоқтатылғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ІІМ баспасөз қызметі Tengri Sport-қа бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шуменов мемлекетаралық іздестіру базасынан неге алып тасталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ баспасөз қызметі Tengri Sport-қа бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шуменов мемлекетаралық іздестіру базасынан неге алып тасталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал боксшыға қатысты жанжал былтыр шілдеде болған: ол кезде Шүменов Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Боксшы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмикін екені айтылды. Бірақ ол Қазақстаннан кетіп, мемлекетаралық іздеу жарияланған еді.

"Соталды тергеп-тексеру барысында жәбірленушіден тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеруді тоқтату туралы өтініш келіп түсті, ақталмайтын негіздер бойынша оған бұдан былай шағымдар жоқ, материалдық залал толық өтелді.

Сонымен қатар, күдіктіден ақталмайтын негіздер бойынша тараптардың татуласуына байланысты оған қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы дәл осындай арыз түсті.

Астана полициясы бұл адамды іздестіруді 2024 жылдың 4 мамырында тоқтатты", - деп жауап берді Tengri Sport ІІМ баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 477.3   520.77   5.43 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети