Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финалда отандасымыз өзбек боксшысы Шахзод Музафаровтан айласын асырды. Қарсыласынан қарымды екенін айқын байқатты. Есеп - 4:1.

Махмұд Сабырхан әлем чемпионы болған. Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. Азия чемпионатында күміс алған, әлі чемпион болмаған еді. Бүгін бұл жетістікті де бағындырды.

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай өзбек Шодиержон Меликузиевке жол беріп, күміс жүлдегер атанған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети