МакГрегор 2019 жылы жекпе-жектерге оралатынын меңзеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
МакГрегор 2019 жылы жекпе-жектерге оралатынын меңзеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор 2019 жылы жекпе-жек өткізуді жоспарлағанын меңзеді, деп хабарлады "Чемпионат.com". Спортшы лицензиясынан айырылған және ол комиссияның шешімін күтіп отыр.
"Мен 19-да ракеталарымды ұшырамын", - деп жазды МакГрегор твиттердегі суретінің астына. Суреттен оның жаттығып жүргенін көруге болады.
I am launching rockets in 19’ #staystrapped pic.twitter.com/1rI4F3fwtz
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) 18 декабря 2018 г.
Айта кетейік, МакГрегор соңғы жекпе-жегін 6 қазанда өткізді, ол кезде UFC 229 басты кездесуінде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Қазір МакГрегор Невада штатының Атлетикалық комиссиясының үкімін күтіп отыр. 2019 жылы 29 қаңтарда Конор мен Хабибтің командаларының төбелесіне қатысты істің тыңдалымы өтеді, ол төбелеске МакГрегор мен Нурмагомедов те қатысқан болатын.