17 қазан 2019 16:40

МакГрегор келесі жекпе-жегінде кіммен айқасатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор желтоқсанда жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнки Эдгарға қарсы жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды rsport.ria.ru.


Ирландиялық файтер Конор МакГрегор желтоқсанда жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнки Эдгарға қарсы жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды rsport.ria.ru.

Соңғы рет 31 жастағы ирландиялық 2018 жылы 6 қазанда октагонға шыққан еді, ол кезде МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілді.

UFC ұйымының Twitter желісіндегі ресми аккаунтында 38 жасқа толған Эдгарды туған күнімен құттықтау жарияланды. Үш сағаттан соң осы жазбаға МакГрегор былай деп жазды: "Туған күніңмен, Фрэнки. Желтоқсанда кездесеміз".

"Рақмет. Мен келісімімді бердім. Ендігі іс сенімен, Дана Уайт, жекпе-жекті ұйымдастырыңыз", - деп жазды Эдгар ирландиялықтың пікіріне жауап ретінде. 

Өз кезегінде МакГрегор UFC басшысынан жекпе-жек ұйымдастыруды өтініп, өзіне тиесілі гонорарды қайырымдылыққа жұмсауды сұрады. 

Эдгар спорттық мансабында 31 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жеткен. Шілдеде ол Макс Холлоуэйден жеңілді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети