МакГрегор мен Нурмагомедовке достасу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

МакГрегор мен Нурмагомедовке достасу ұсынылды © Eurosport

Невада (NSAC) шатытның спорттық коммиссиясының төрағасы Энтони Марнелл кезекті отырыс барысында 14 қарашада ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегорға штат прокурорының қатысуымен достасу ұсынылды, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Невада (NSAC) шатытның спорттық коммиссиясының төрағасы Энтони Марнелл кезекті отырыс барысында 14 қарашада ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегорға штат прокурорының қатысуымен достасу ұсынылды, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

6 қазанда Лас-Вегаста UFC 229 турнирінің аясында Нурмагомедов октагонда МакГрегорды төртінші раундта жеңген еді. Осыдан кейін, ресейлік файтер қоршаудан секіріп өтіп, ирландиялықтың спарринг-серіктесіне шабуыл жасаған болатын. Осылайша командалардың жаппай төбелесі басталған еді. 

NSAC тергеу жүріп жатқан уақытта Нурмагомедов пен МакГрегорды шеттеткен еді. Нақты шешім 10 желтоқсанда шығарылады. Сонымен қатар, комиссия ресейлік спортшыға 1 миллион доллар сыйақыны қайтарып берді. 

"Егер олар бас прокурордың алдында келісімге келмесе, онда 10 желтоқсанда өтетін біздің тыңдауға келуі керек болады. Біз телефон арқылы отырыс өткізбейміз. Алайда екеуі келісімге келіп жатса, екеуінің отырысқа қатысуын міндеттемейміз", - деді Марнелл. 

Отырыс кезінде UFC 229 турнирінде төбелескен бірнеше файтерді спорттан шеттету мәселесі қаралды. Диллон Дэнис, Абубакар Нурмагомедов және Зубайра Тухуговтар белгісіз мерзімге шеттелді. Нақты шешім желтоқсанда не қаңтарда шығарылуы мүмкін. 

Отырыс барысында Ризван Магомедов пен Эседулла Эмирагаевтардың да есімдері аталды, алайда олардың ісі кейінге шегерілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети