7 қазанда UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
7 қазанда UFC 229 турнирі аясында ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нурмагомедов жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін қорғайды. Биыл сәуірде ресейлік спортшы америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, осы титулды иеленген еді.
Басты кездесу 7 қазанда Астана уақыты бойынша таңғы 7:50-де басталады. Qazsport телеарнасы осы шараны тікелей эфирден көрсетеді.
Сонымен қатар, турнир аясында танымал файтерлер шығады - Тони Фергюсон мен Энтони Петтис. Октагонда ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген америкалық Деррик Льюис пен ресейлік Александр Волков та кездеседі.
7 сәуірде өткен Нурмагомедовтың жекпе-жегінің алдында ирландиялық файтер UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Содан кейін оны полиция қамауға алды. Сот отырысында МакГрегор босатылды.
Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 26 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Конор Макгрегор 24 жекпе-жек өткізіп, 21-нде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген. 2016 жылдың күзінен бері ирландиялық октагонға шықпаған.
Don't miss it.
— UFC (@ufc) 2 октября 2018 г.
Bad Blood: ???????? @TeamKhabib vs. ???????? @TheNotoriousMMA
TUESDAY at 7pmET / 4pmPT on @FS1. #UFC229 pic.twitter.com/c7Q5DVHTfZ
UFC титулы үшін өтетін жекпе-жектің екінші баспасөз конференциясы 4 қазанда Лас-Вегаста өтеді.