Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовпен өткен жекпе-жек туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовпен өткен жекпе-жек туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші раунд. Спорттық көзқарас тұрғысынан ол жеңді. Ол маған айтарлықтай зиян келтіре қойған жоқ, бірақ ол әрдайым жоғарыда болды. Жекпе-жек тұрғысынан бұл раунд менікі болды. Менің соққыларым оған дарыды: сол қолмен тікелей, тіземен бастан. Ұстасқан кезде шынтақпен талай соққы жасадым. Қарсылас раунд бойы менің аяғымды ұстаумен болды", - деп жазды Конор МакГрегор Instagram желісіндегі парақшасында.
Ирландиялықтың айтуынша, екінші раундта Нурмагомедов октагонның ішінде қашып жүріп, сәтті бір соққы жұмсап, ресейлікке раундты және осы кездесудің тағдырын шешіп жіберу сәті түсті.
"Бұл жақсы соққы болды. Мен артқа қарай шегініп, қайта шабуыл жасайын дедім, бірақ ол тағы шабуылдай бастады. Осының арқасында ол басымдыққа ие болды. Жақсы жұмыс. Жаттығу кезінде мен оның жұдырығымен шабуыл жасайды деп еш ойламадым, спаррингте тек грэплер мен балуандармен алыстым", - деді МакГрегор.
OHHHHH MY KHABIB DROPS MCGREGOR!!!!#UFC229 pic.twitter.com/4rBF7QbRey
— UFC (@ufc) 7 октября 2018 г.
"Бұл енді қайталанбайды. Сондай-ақ, мен грэпплингте шабуыл жасауға шамам келмей, тек қорғаныста болдым. Өзім үшін сабақтар: өзіңнің мықтылығың туралы айтып жатқан ешкімге сенбе. Сен өз әлеміңнің шеберісің. Мен өз ісімнің шеберімін, өз кеңестерімді тыңдауым қажет", - деп жазды UFC файтері.
Конор МакГрегор "спорттық карьерасындағы ең нашар раундтан" соң қайта оралып, үшіншісінде жеңіске жеткен.
"Мен қайтадан алға басып, оны шегінуге мәжбүр еттім және қысым көрсетуді жалғастырдым. Менің кінәм - қайта қалпына келу қасиетім өз деңгейінде емес. Бірінші соққыларды жұмсағанда мен алда болдым. Раунд аяқталғанға дейін үш минут қалғанда ол қайтадан ұстаса кетті, мен ыңғайсыз жағдайда қалдым. Мен оның қысымынан шығу жолдарын жасадым. Менің қолымды қыспаққа алғанда, мен басты қателікке бой алдырып, арқамды ашып қойдым, осыдан кейін әділетті түрде жеңілдім", - дейді ол.
Khabib gets another takedown! #UFC229 pic.twitter.com/N6CRrXdzcl
— UFC (@ufc) 7 октября 2018 г.
UFC файтері жекпе-жек ұнағанын айтады. Ол октагонға дайындықпен және өзіне сенімділікті артып келетінін мәлімдеді.
"Реванш болса, қанеки. Мен кезекте тұрған екінші адаммен кездесемін. Барлығы да маған байланысты. Таяуда көрісеміз, менің жанкүйерлерім, барлығын сүйемін", - деп жазды МакГрегор.