МакГрегор ресейлік қарсыласының Фергюсоннан жеңілгенін қалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

МакГрегор ресейлік қарсыласының Фергюсоннан жеңілгенін қалайды

Екі дивизионда UFC чемпионы болған Конор МакГрегордың (21-4) спарринг-серіктесі ирландиялық Питер Куилли танымал отандасының Тони Фергюсон (25-3) мен Хабиб Нурмагомедов (28-0) арасындағы кездесуде америкалықтың жеңіске жететініне сенім артады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Конордың ойынша, Хабиб жеңілген жағдайда оған реванш алуы оңайырақ болады. Айта кетейік, 2018 жылы Нурмагомедов мерзімінен бұрын МакГрегорды төртінші раундта жеңген еді. 

"Егер Хабиб пен Тони арасында жекпе-жек өтетін болса, Конор Фергюсонның жеңіске жетуіне үміттенеді, себебі бұл жағдайда оған Хабибпен реванш ұйымдастыру оңайға түседі. Егер Хабиб Фергюсонды жеңетін болса, онда ресейлік файтер талап қоюға және жекпе-жектің өту өтпеуі соның шешіміне байланысты болады. Егер Хабиб ұтылса, Конормен жекпе-жек ресейлік үшін ең тиімді әрі жалғыз нұсқа болады", - деді Куилли.

Айта кетейік, келесі кездесуін МакГрегор 18 қаңтарда UFC 246-да Дональд Серронға қарсы өткізеді. Нұрмагомедов - Фергюсон жекпе-жегі 18 сәуірге жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети