Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап жүрген Арман "Сұңқар" Оспанов бокстан әлемнің бұрынғы 12 дүркін чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтетін кездесуге өз болжамын жасады, - деп жазады Vesti.kz порталы.
Ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап жүрген Арман "Сұңқар" Оспанов бокстан әлемнің бұрынғы 12 дүркін чемпионы Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтетін кездесуге өз болжамын жасады, - деп жазады Vesti.kz порталы.
"МакГрегор мер Мейвезер жекпе-жегіне қатысты сан-алуан болжам бар. Дөп басып айту қиын. Ринг Флойд үшін өз үйі секілді, ол бар карьерасын сонда өткізді. Түгесілмес тәжірибесі мен дардай атағы өз рөлін ойнайды. Конор кәсіпқой ринг үшін жат адам. Оның ауылы сегізбұрышта. Дегенмен, Конор жас, жігерлі, жылдам әрі соққылары ауыр. Қолының ұзындығы мен таймингінің арқасында бір соққысы сәтті тиер болса жекпе-жек тағдыры шешілуі ықтимал. Мейвезердің оған қарсы қоятын қаруы мызғымас қорғанысы мен көз ілеспес шапшаңдығы. Ол соңғы екі жылдан бері үлкен рингке шықпады. Дегенмен, әлі ұтылып көрмеген бокс жұлдызы Флойдтың бұл айқасы ұзаққа созылар болса, асығы алшы түспек. МакГрегор болса 8 уинцалық қолғаппен жекпе-жекті тез аяқтауға тырысады. Сенетіні соққысы. Мейвезер ирландиялықтан үстем түсіп, жеңіске жетеді деп ойлаймын", - дейді Оспанов.
Айта кетейік, Арман Оспанов өзінің келесі кездесуін 9 қыркүйек күні Алматыда "Алмат - Арена" спорт кешенінде АСВ-69 жекпе-жек кешінде өткізеді. Бірақ бұл кездесуде отандасымыздың қарсыласы кім болатыны әлі анықталған жоқ. Бейресми мәлімет бойынша, Оспанов армениялық Акоп Степонянмен кездесуі мүмкін. Қазіргі уақытта ол алдағы кездесуге дайындықты Дағыстан жерінде "Дак файтерс" клубында жаттығып жатыр.
Ал МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.