Мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлап, есінен танды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлап, есінен танды Видеодан алынған кадр

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Тимоти Ледук жұбы Эшли Кейнді Хорватияда өткен Golden Spin жарысы барысында мұзға құлатып алды, - деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Тимоти Ледук жұбы Эшли Кейнді Хорватияда өткен Golden Spin жарысы барысында мұзға құлатып алды, - деп хабарлады Vesti.kz.

Ледук Кейнді бір қолмен көтеріп, жерге түсіретін кезде ұстап қала алмай, құлатып алды. Ақыры ол мұзға басымен түсіп, біраз уақытқа есінен танды. Дегенмен қыз аяғынан тік тұрып, бағдарламаны аяқтады.

Өнер көрсетіп болғаннан кейін ол көрермендер алдына мойын фиксаторымен шықты. Кейн Twitter арқылы жағдайының жақсы екенін хабарлап, ауруханадан шыққанын және қалыпқа келу процестерін үйінде жалғастыратынын мәлімдеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети