Манюрова Рио Олимпиадасының финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Манюрова Рио Олимпиадасының финалына шықты

75 келіге дейінгі салмақта күресетін қазақстандық Гюзель Манюрова Рио-де-Жанейро Олимпиадасында әйелдер арасындағы күрестен финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

75 келіге дейінгі салмақта күресетін қазақстандық Гюзель Манюрова Рио-де-Жанейро Олимпиадасында әйелдер арасындағы күрестен финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда Лондон Олимпиадасының 38 жастағы қола жүлдегері 29 жастағы ресейлік Екатерина Букинамен белдесті. Ресейлік бірінші раундта 8:1 есебімен жеңіп жатқан. Ал екінші кезеңде Манюрова есепті 6:8 қылды, ал соңғы секундтарда таза жеңіске жетті. 

Алтын медаль үшін финалдық кездесуде қазақстандық спортшыға қарсы канадалық 27 жастағы Эрика Уибе шығады. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 3:35-ке белгіленген. 

Еске салайық, Рио Олимпиадасындағы бірінші кездесуінде Манюрова венгрдің 22 жастағы палуаны Жанетт Неметті 12:2 есебімен жеңген еді. Ал ширек финалда ол Камеруннан келген 31 жастағы Аннабель Алиден басым түсті - 8:6.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети