ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 шілде 2021 08:53
Мария Агапованың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
UFC ұйымымен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық әйел Мария Агапова (9-2) октагонға 10 қазанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
24 жастағы қазақстандық файтердің қарсыласы өзімен жасты колумбиялық Сабина Мазо (9-2) болады.
Агапова әлемдік промоушенде осымен үшінші жекпе-жегін өткізгелі отыр. Ол 2020 жылдың тамызынан бері жекпе-жекке шықпаған, ол кезде техникалық нокаутпен америкалық Шане Добсонға есе жіберген. Ал UFC-дегі дебюті одан екі ай бұрын болған, алғашқы кездесуде Агапова америкалық Ханна Сейферсті мерзімінен бұрын жеңген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу