Мәскеуде дағыстандықтар аралас жекпе-жек файтері ирландиялық Конор МакГрегор тоқтаған "Ритц-Карлтон" қонақүйін қоршап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған МакГрегордың Хабиб Нурмагомедовті сынағаны себеп болған.

Видео Sport24 Twitter-аккаунтында пайда болды. Оның кадрларынан қонақүй маңына жиналғандарды көруге болады.
"Бүгін Конордың мәлімдемесін естідік, ол дағыстандықтардың өзінен қашып жүргенін айтыпты. Біз "Ритц-Карлтон" қонақүйіне келдік, ондағылар мұнда Конор жоқ дейді. Бірақ біз оның келуін күтіп отырмыз", - дейді Нурмагомедовтің жанкүйерлерінің бірі.
Вот такая обстановка сейчас около отеля в Москве, где живёт Конор ???? pic.twitter.com/M4aMb8GQfg
— SPORT24.ru (@sport24_ru) October 24, 2019
24 қазанда Конор МакГрегор Мәскеуге келіп, ресейлік БАҚ пен блогерлерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген. Оның барысында ирландиялық Нурмагомедовтің онымен Мәскеуде айқасудан қорқып отырғанын мәлімдеген. "Ол әлі келетіндермен ғана төбелесіп жүр. Дағыстандықтардың кім екенін білеміз, олар қашқақтайды, қорқады. Хабиб те сондай. Оның табиғаты сондай. Ол осындағы, Мәскеудегі баспасөз мәслихатынан қашып кетті", - деген еді МакГрегор.
Посмотреть эту публикацию в Instagram