Америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтыққа жүзуден жеңіcке жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтыққа жүзуден жеңіcке жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Фелпс финалда бір минут 53,36 секунд уақытта жүзіп өтті. Күміс медальды жапондық Масато Сакаи (1.53,40) иеленсе, қола медальді венгр спортшысы Тамаш Кендереши (1.53,62) жеңіп алды.
Осы жарыс күні ол төрт адам болып 200 метрге эстафеталық жүзу дисциплинасында командасымен алтын медальді еншіледі.
Осылайша, Фелпс 21 дүркін Олимпиада чемпионы атанып, әлемдік рекордтты жаңартты. Бұл америкалық жүзушінің Риодағы ойындарда осымен екінші рет алып отырған алтын медаль екен. Жарыстың алғашқы күні-ақ Фелпс алтын медальді иеленген болатын.
Осыған дейін танымал жүзушінің тарихта тұңғыш рет 19 дүркін Олимпиада чемпионы атанғаны туралы хабарланған болатын. Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасында 4 метрден 100 метрге дейін еркін стильдегі жүзу кешенінде алтын медальға ие болды. Айта кетейік, 31 жастағы жүзушінің қоржынында енді 24 медаль бар.