04 наурыз 2019 | 09:30

Медалімді ұрлады - Канадалық шаңғышы Полторанинді айыптады

Алекс Харви. Фото: ©RЕUTERS

Марафоннан 2017 жылғы әлем чемпионы, канадалық шаңғышы Алекс Харви Зеефельдте болған допинг-рейд туралы пікірін айтты. Рейд барысында бірнеше спортшы ұсталып, алаяқтық жүйе анықталған болатын. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Марафоннан 2017 жылғы әлем чемпионы, канадалық шаңғышы Алекс Харви Зеефельдте болған допинг-рейд туралы пікірін айтты. Рейд барысында бірнеше спортшы ұсталып, алаяқтық жүйе анықталған болатын. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

"Ол менің медалімді ұрлады, одан да көп ұрлауы мүмкін еді, - деді Харви Полторанин туралы. - Допинг қабылдаған шаңғышылар бізден медаль ұрлап жүргендері өкінішті".

Реклама
Реклама

"Бірақ біздің спортшымыздың алаяқтарды жеңуге болатынын қашан да білдім. Бұл тек аяққа ғана байланысты болатын велоспорт емес. Мұнда шаңғылар, технологиялар керек - мұның бәрі жай ғана "физикадан" маңыздырақ. Бірақ, расымен де, мұның бәрі трагедия. Бұған жиіркенішпен қараймын. Бұл - спорт үшін масқара. Оның үстіне, оларды FIS немесе WADA емес, полиция ұстап алды. Демек, олар өз істерін дұрыс жасай алмаған", - деді канадалық спортшы.

"Медаль ұрлады" деп Харви 2013 жылғы әлем чемпионатының командалық спринтін айтса керек. Полторанин сол кезде Николай Чеботькомен жұптасып үшінші орын алған еді. Ал канадалықтар Харви мен Кершоу мәреге төртінші болып келген.

2 наурызда Қазақстан ұлттық шаңғы жарыстары федерациясы Полторанинге қатысты жағдай жайлы мәлімдеме жасады. Мұнда Халықаралық шаңғы федерациясынан антидопингілік ережені бұзу туралы істі тергеп жатқандарына байланысты қазақстандықты уақытша шеттететіні туралы ресми хабарлама келгені айтылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная