28 ақпан 2019 11:01

Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Полтораниннің ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде ұсталған отандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Олимпиада құрамасының ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде ұсталған отандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Олимпиада құрамасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Егер оның допинг қолданғаны шын мәнінде расталса, федерация бұл туралы ресми мәлімет жариялайды. Біз допинг қолдануға "нөлдік төзім" саясатын ұстанамыз. Әділетсіз әдістермен жеңіске жетуге және тыйым салынған негіздемелерге түбегейлі қарсымыз. Бірақ Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз", - деді шаңғы спорты түрлері Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова. 

Айта кетйік, кеше, 27 ақпанда Австрияда өтіп жатқан әлем біріншілігі аясында Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысушылар сынына қатысуы тиіс болатын. Алайда, спортшы жарыс жолына шыққан жоқ.

Кейін БАҚ-та еліміздегі үздік шаңғышы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі сәтте оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Vksport.kz басылымына берген сұхбатында Австриядағы әлем чемпионатында болған оқиға туралы толығырақ айтып берді. 27 ақпанда Қазақстан құрамасының көшбасшысын VADA (Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі) полициясы жарысқа шығармай қойған еді.

Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети