Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды - БАҚ

27 Ақпан, 21:30
0
Қазақстандық танымал спортшы Австрияда қамауға алынды - БАҚ - © olympic.kz
© olympic.kz

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы SSS.fi басылымына сілтеме жасап. 

БАҚ мәліметінше, Полтораниннен бөлек, эстон шаңғышысы Андрус Веерпалу және австриялық Макс Хауке қамауға алынған. 

Неміс және австриялық полицейлердің халықаралық допинг желісін анықтау аясындағы акция барысында осындай әрекеттерге барғаны айтылады. Барлығы тоғыз адам ұсталған, оның ішінде бес спортшы бар. 

Сәрсенбіде, 27 ақпанда, Австрияның Зеефельд қаласында әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Полтаранин ерлер арасында 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша алтын медальға таласуы керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа қатыспады. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жағдай қамауға алу шарасына байланысты болса керек. Австрияда допинг қолдану - қылмыстық іс. 


Алексей Полторанин 2013 жылы Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өткен шаңғы спорт түрінен өткен әлем біріншілігінің марапаттау рәсімінде. © Илья Питалев/РИА Новости

Алексей Полторанин - 2013 жылы өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарында төрт алтын медальдің иегері. Спортшы үш қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғады - 2006 жылы Туринде, 2010 жылы Ванкуверде және 2014 жылы Сочиде. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай