Мексикада Головкинге WBC белбеуі ресми түрде табыс етілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Головкин WBC белбеуін алды. © ҚР СІМ баспасөз қызметі Геннадий Головкин WBC белбеуін алды. © ҚР СІМ баспасөз қызметі

Кеше, 9 шілдеде Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде қазақстандық боксшымен жекпе-жектен бас тартқан мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тиесілі чемпиондық белбеуді табыс етудің және орта салмақтағы WBC (Дүние жүзілік бокс кеңесі - WorldBoxingCouncil) нұсқасы бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағын ресми түрде тапсыру рәсімі болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 9 шілдеде Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде қазақстандық боксшымен жекпе-жектен бас тартқан мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тиесілі чемпиондық белбеуді табыс етудің және орта салмақтағы WBC (Дүние жүзілік бокс кеңесі - WorldBoxingCouncil) нұсқасы бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағын ресми түрде тапсыру рәсімі болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс-шара WBC ҚР Мексикадағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылыпты. Табыс ету салтанатына халықаралық спорт ұйымдарының басшылары, бокстан әлемнің қазіргі және бұрынғы чемпиондары, мексикалық жетекші және халықаралық спорт шолушылары, сондай-ақ 40-тан аса мексикалық және шетел телеарналары мен басылымдарының өкілдері қатысты.

Марапаттау рәсімін кіріспе сөзбен WBC президенті Маурисио Сулайман ашып, аталған іс-шараның маңыздылығы мен символдығын ерекше атап өтті, себебі, ол әлемге нағыз чемпион және көрнекті спортшы - Геннадий Головкин туған елдің елшілігінің ғимаратында өткізіліп отыр.

Өз кезегінде, ҚР Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов Геннадий Головкинді марапаттау рәсімінің Елшілікте өткізіліп отырғанын мақтан тұтатынын атап өтті. Өйткені ол барша әлемде Қазақстан туын абыроймен көтеріп келе жатқан көрнекті спортшы ғана болып қоймай, Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" елшісі. Осыған орай, қатысушыларды келесі жылы елімізде өткізілетін Халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді қатысуға шақырды. Баяндамадан кейін іс-шара қонақтарының назарына "ЭКСПО-2017" фильмі көрсетіліп, Қазақстан туралы тиісті ақпараттық материалдар таратылды.  

Іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгені, шақырылған қонақтардың елімізге белсенді қызығушылық танытқаны айтылады. "А. Елемесов пен Г. Головкин бірқатар мексикалық және шетелдік БАҚ-қа сұхбаттар беріп, қазақстандық спорттағы жағдай туралы ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ел ішіндегі және сыртқы саяси сахнадағы соңғы жетістіктері туралы баяндап берді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, WBC басшылығы келесі конференциясын 2017 жылы Астана қаласында "ЭКСПО-2017" көрмесінің барысында өткізуге ниетті екенін ресми мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro